Қазіргі жаһандану дәуірінде білікті мамандардың шетелге кетуі көптеген елдер үшін өзекті мәселе болып отыр. Мемлекеттің дамуы ең алдымен адам капиталына байланысты. Сондықтан елден кеткен білімді, тәжірибелі азаматтарды қайта тарту – болашаққа жасалған маңызды қадам.
Білікті мамандардың шетелге кетуінің басты себептері – жоғары жалақы, сапалы білім мен ғылымға қолайлы жағдай, кәсіби өсу мүмкіндігі. Егер мемлекет осы факторларды өз елінде қамтамасыз ете алса, мамандардың елге оралуына нақты негіз қалыптасады. Ол үшін заманауи инфрақұрылым құру, ғылым мен инновацияны қолдау, әділ еңбек ақы жүйесін енгізу және жастарға сенім арту қажет. Сонымен қатар, шетелде жүрген азаматтардың тәжірибесін ел дамуына тиімді пайдалану – экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Білімді мамандарды елге қайтару – бір күндік емес, жүйелі түрде іске асатын ұзақ мерзімді үдеріс. Егер мемлекет қолайлы жағдай жасап, нақты қолдау көрсетсе, елге оралған әр маман қоғамның дамуына үлес қосады. Бұл – тұрақты даму мен жарқын болашақтың кепілі.
Г.ЖОЛДАСҚАЛИ


