Зияткерлік жобаның жеңімпаздары

Махамбет аудандық ішкі саясат бөліміне қарасты аудан әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қолдауымен, “Инфо Орталық” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен әйелдер арасында “Quiz-облыстық зияткерлік сайысы” жобасы өтті.

Шараға Атырау облысының аудандарынан және Атырау қаласынан мемлекеттік қызмет, бюджеттік сала, денсаулық сақтау, білім беру саласы қызметкерлерінен құралған 9 команда қатысты.

Бағдарламаның бірінші бөлімінде қатысушылар Сарайшық музей-қорығына барып, мәдени мұралармен танысты. Алты кезеңнен тұратын тартысты ой­ында Махамбет ауданының командасы жүзден жүйрік атанып, жүлделі бірінші орынды иеленді. Исатай ауданынан келген әйелдер құрамасы екінші орынды, құрманғазылықтар үшінші орынды қанжығаға байлады. Жеңімпаздарға ақшалай жүлде қоры табысталса, барлық катысушы командаларға аудан әкімінің Алғыс хаты мен ынталандыру сыйлықтары берілді.

А.ҚАНАТБАЙҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT