Зияткерлік сайыста топ жарды

Облыс көлемінде «Қалдырған ізің мәңгілік…» атты онкүндік іс-шаралар легі 22 қыркүйекте бастау алды. Оның алғашқы шараларының бірі ретінде «Білімділер Quiz-i» атты жас мамандар арасындағы зияткерлік сайыс ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты – білім берудегі жасанды интеллект пен инновациялық үрдістерді насихат­тау, ұстаздардың білімін кеңейту және бәсекеге қабілеттілігін дамыту. Сайыс барысында қатысушыларға педагогика, жасанды интеллект және заманауи білім беру технологиялары тақырыптарында сұрақтар қойылып, олардың тапқырлығы мен жылдам ойлау қабілеті сынға түсті.

Білім бәсекесіне облысқа қарасты қала мен жеті ауданнан келген ұстаздардан құралған барлығы 11 команда қатысты. Нәтижесінде Махамбет ауданының жас ма­мандар командасы үздік өнер көрсетіп, І орынға ие болды. Коман­да құрамында О.Шонаев атындағы орта мектеп, З.Ещанова атындағы аудандық балалар өнер мектебі, Ма­хамбет балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубы, «Алтын балық» және «Нұршуақ» бөбекжай- бақшаларының педагогтары болды.

Бұл жеңіс жас ұстаздардың кәсіби деңгейінің жоғары екенін, шығармашылық ізденістерінің нәтижелі екенін айғақтады.

Қ.АЙТҚАЛИҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT