«Сау жүрек – сау өмір»

Аудандық отбасын қолдау орталығында «Азаматтық орталықтың» ұйымдастыруымен «Біз таңдаған жол» жобасы аясында «Сау жүрек – сау өмір» атты акция өтті.

Шараға 20-ға жуық аудан тұрғыны қатысып, «Күміс волонтер», алғашқы көмек нұсқаушысы Айсұлу Сұлтанқызы жүрек-өкпе реанимациясы мен алғашқы көмек көрсету бойынша тәжірибесімен бөлісті. Ол қатысушыларға қолжетімді әрі нақты кеңестер беріп, өмірлік маңызы бар дағдыларды көрсетті.

– Кез келген төтенше жағдайда ең бастысы – салқынқанды болу. Алғашқы көмек көрсету жолдарын дұрыс меңгерсек, талай жанның өмірін сақтап қалуға болады, – деді Айсұлу Сұлтанқызы өз сөзінде.

Сонымен қатар іс-шара аясында әлеуметтік осал топтағы азаматтарға тонометрлер тарту етіліп, оларды дұрыс қолдану тәсілдері үйретілді. Бұл қадам тұрғындардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауына жол ашып, салауатты өмір салтын ұстануға серпін берді. «Денсаулық – басты байлық!» деген ұранмен өткен акция халықтың медициналық сауаттылығын арттыруға, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге бағытталды.

А.ҚАЗБЕК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT