Ұжым болып бір жылға жазылдық

 Кезінде «Қазақ» газетінде Ахмет Байтұрсынов «Бізді бір ниет, бір тілекке ұштастыратын газет. Сол себепті газет біздің басшымыз. Газет-біздің до­стар алдындағы көркіміз. Дұшпандарға қарсы қаруымыз. Газет білмегенге үйрететін, көрсететін ұстазымыз. Газет- біздің қараңғыда жарық беретін, тура жолға салатын шамшырағымыз. Газеттің асыл мақсаты-еңбек ету, ғылым-өнер турасындағы жолбасшымыз» деп жазғанын білеміз.

Аудандық архив мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері ұжымдар ішінен бірінші болып, «Жайық шұғыласы» газетіне бір жылға жазылдық. Теле­дидар, радио, әлеуметтік желі өмірімізге дендеп енгенімен, газеттің орнын ешқашан алма­стыра алмайды.

Міне, 2024 жылға газетке жа­зылу науқаны да басталып кетті. Ұжымымызбен түгелдей ау­дан айнасына бір жылға жазы­лып отырмыз. Өткен жылы да жазылғанбыз. Өз басым газетті халықтың айнасы, жаңалықтар жаршысы деп білемін. Газет біздің қашанда уақыт талабына сай қоғам тынысын көрсетіп отыратын айнымас құрал болды. «Жайық шұғыласы» газеті ауданымыздың қатпарлы та­рихын жасауға қоғаммен бірге дамып, оның күнделікті сая­сатын насихаттап, халықты тәрбиелеуші құрал.

Аудан айнасы «Жайық шұғыласы» газеті Махамбет ауданының экономикалық, са­яси, әлеуметтік өсуіне ықпал етіп, рухани жетілуіне ықпал етіп келеді. Әр ұжымның өзіндік ерекшеліктері болады. Газет ұжымы қажет жерде ағысқа қарсы жүзіп, ылғи да аудан тұрғындарының мұң- мұқтажын жоқтап, ар-намысын қорғап, олардың әлеуметтік мәселелерін батыл көтеріп отырады. Басылымда тарихи мәселелер көбірек жазылса де­ген ұсынысым бар.

Мен басылымда өз жұмыстарын жақсы меңгерген мамандар топтасқан, барынша ұйымшыл, бірауызды ұжым деп білемін. Мен алдағы уақытта «Жайық шұғыласы» газетінің ұжымына шығармашылық жетістіктер, биік өрлеу, іргелі ізденістер мен жан-жақты даму тілеймін. Халықтың қамын ойлап,ақпараттың ашығын, сөздің шындығын айтатын сүйікті газетімізге көптеп жазылайық, ағайын!

Ақжарқын ЖҰМАБАЕВА,

Атырау облысы циф­рландыру және архивтер басқармасының Махам­бет аудандық мемлекеттік архивінің архившісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT