Газет сөзі –тарих парағы

 Газет халық мінбері, қоғам жаршысы деп жатады. Кезінде газет шыққанда, кітаптар келмеске кетеді деген болжамдар айтылған еді. Ал ғаламтор ақпарат нарығын жаулай бастағанда, баспасөз құндылығы кетеді деп шуласты. Бұның бәрі де жел сөз екенін уақыт дәлелдеді.

 Әлемдегі ең дамыған алпауыт мемлекеттердің өзі газеттен бас тартқан жоқ. Керісінше баспасөзді басқа БАҚ пен ғаламтор таса­сында қалдырмауға, дамытуға күш салып отыр. Өйткені, тасқа басылған газет сөзі – қашанда соңында сұрауы, жауапкершілігі бар, салмақты сөз. Газет сөзі –ертеңгі күн тарих парағына айналатын, ұрпаққа аманат болып қалатын асыл сөз.

Мемлекеттік тілде шығатын басылымдар- ұлттық қауіпсіздіктің қорғанысы деп білеміз. Тек сол қорғанысымыз лайым сыр бермесін. «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы зор» деген М.Дулатов сөзі өз өміршеңдігін жойған жоқ. Өз басым га­зетке жазылуды елдіктің белгі деп білемін. Біз көп жылдан бері аудан айнасы «Жайық шұғыласы» газетіне ұжым болып жазылуды әдетке айналдырдық. 2024 жылға да ұжымдағы 22 адам түгелдей «Жайық шұғыласына» бір жылға жазылып отырмыз.

Иә, «Жайық шұғыласы» – 82 жылдық та­рихы бар, өңір, аудан шежіресін жазып келе жатқан, талай уақыт сынынан халықпен бірге жасап келе жатқан іргелі басылым.

Газет бетінен әлеуметтік маңызы бар, бо­лып жатқан жаңалықтар, еңбек адамы, кәсіпкерлік, денсаулық, мәдениет, өнер, білім, ауыл мәселелері, жеткен жетістіктер туралы оқып-білеміз. Ал әлеуметтік желіде аудан мен ауыл тұрғындарының тыныс-тіршілігі жөнінде онша көп мәлімет берілмейді. Шынайы ақпарат алғысы келетін барша оқырманды жазылу науқанынан тыс қалмай, газетке жазылуға шақырамын!

Алтынбек НҰРҒАЛИЕВ,

№11 өрт сөндіру бөлімінің бастығы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT