Жылы сөз жанды емдейді

Бала күнімнен бала емдейтін дәрігер ағайлар мен апайлардың жұмысы мені қатты қызықтыратын. Соларға еліктеп, өзімнен кіші бауырларымды, қуыршақтарымды отырғызып қойып ем жасайтынмын.

1995 жылы орта мектепті аяқтаған соң, алдыма қойған дәрігер боламын деген мақсатыма жету үшін Ақтөбе мемлекеттік медицина институына түсіп, 2001 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясын педиатрия мамандығы бойынша тәмәмдадым.

Еңбек жолымды 2001 жылы №3 қалалық емханадан учаскелік педиатр дәрігер болып бастадым. Кейін кіндік қаным тамып, аунап-қунап өскен туған жеріме еңбегімді сіңіру үшін Махамбет аудандық орталық ауруханасына жасөспірімдер дәрігері болып қабылдандым. Осы ауруханада Айжамал Рахметуллақызы мен басқада аға буын тәжірбиелі дәрігерлерден тәлім – тәрбие алып, бүгінгі күнге дейін балалар дәрігері, жалпы тәжірбиелік дәрігер, емдеу ісі жөнінде орынбасары міндетін атқарушы, ұйымдастыру әдістемелік бөлімі меңгерушісі, отбасы денсаулық орталығы меңгерушісі, директордың ана мен бала ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарып, медицинаның әр саласы бойынша шеберлігімді шыңдап келемін. Биыл осы мекемеде қызмет атқарғанына 16 жыл толды.

Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып тұрамын. Жолдасым Есенғалиев Нұрболатпен 1997 жылы отау құрдық. Өмірге 5 қыз бен 1 ұл бала әкеліп, тәрбиелеп отырмыз. «Күміс алқа» иегерімін. Денсаулық адамның баға жетпес байлығы екені белгілі. Сәбиі ауырса кез-келген ата-ана жанұшырып алдымен дәрігерге келеді.

Алдыма келген ауылдастарыма барымша жақсы қарап, ем-шарамды ұсынып, жылы сөзімді аямауға тырысамын. Өйткені дәрі-дәрмек тәнді емдесе, жылы сөз жанды емдейді. Менің өмірлік ұстанымым «ақ халатты абзал жан» деген атыма ешқашан кір келтірмеу.

Балымгүл САҚТАПОВА,

дәрігер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз