24-26 қыркүйек аралығында Махамбет ауданында Жастар Ресурстық орталығының және «Бибі-Саз» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Jastar Otanga» күзгі лагері өтті.
Оған Махамбет, Ақжайық, Сарытоғай, Бақсай, Сарайшық Жалғансай ауылдық округтерінен 20-дан аса жас қатысып, түрлі тренингтер мен ойындар, командалық жарыстар өткізілді.
Топтарға жетекшілік етіп, бағыт-бағдар берген фасилитаторлар Нұрбол Хамзин мен Абай Қасымұлы қатысушыларға барлық тапсырмаларды орындап, 2 күн бойы лагерь тәртібіне сай өмір сүруге үйретті.
Исатай ауданына келген қонақтар, студенттер де махамбеттік жастардың белсенділіктеріне таңданып, осындай лагерьдің өз аудандарында жалғасын табуына атсалысатынын жеткізді.
Лагерьдің соңғы күні аудан әкімі Ж.Бахуұлының келіп, қатысушылармен кездесіп, өзінің жастық шағындағы қызықты оқиғалармен бөлісіп, ақыл-кеңесін айтты. Сонымен қатар лагерь қатысушыларына арнайы сертификаттар табыстап, естелік суретке де түсті.
Айнұр Сатаева