Жылдамдық асырғыш жүргізушіге тоқтау бар ма?

Қазіргі кезде ауылдың ішінде де көлікті қатты жүргізетін жүргізушілер өте көп.

Әсіресе, ойын алаңдары жолға жақын орналасқан аумақтарда, жұлқынып, жылдамдықты асырып айдайтындар кездеседі.

Бұл көше жолдарына жылдамдықты бәсеңдеткіш жасанды кедергі (лежачий полицейский) салу қажет екенін көрсетеді.

Өткен жұмада аудандық әкімдікте өткізілген «Ашық есік» күнінде балаларының өмірі үшін алаңдаған ата-аналар үйлерінің аумағындағы жолдарға жылдамдықты бәсеңдеткіш жасанды кедергі (лежачий полицейский) салу мәселесі қалай шешіліп жатқанын сұрады. Бұл мәселе бойынша жауап берген аудан әкімінің орынбасары З.Мұқашев аудан орталығы бойынша 37 жерге жылдамдықты бәсеңдеткіш жасанды кедергі (лежачий полицейский) салынатынын айтты.

-Әзірге тек жетеуін орнатып үлгердік. Қалған отызы да көп ұзамай жасалатын болады ,– деді З.Мұқашев.

Б.Сүйеуова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521