Салынып жатқан 60 үй кімдерге беріледі?

Аудан әкімі Ж. Ахметов облыс әкімінің тапсырмасына орай әр айдың соңғы жұмасында, аудандық әкімдіктің кіші мәжіліс залында, барлық бөлім басшыларымен бірлесіп «Ашық есік» күнін өткізіп, халықтың мұқтаждығын тыңдауды дәстүрге айналдырып келеді.

«Ашық есік» күніне келетін ауыл халқы негізінен баспана, жұмыссыздық және атаулы әлеуметтік көмек мәселелерін алға тартады. Өткен жұмада өткізілген кезекті «Ашық есік» күнінде тұрғындар тікелей желі арқылы аудан басшысына «жаңадан салынып жатқан 60 пәтерлік үй кімдерге беріледі?» деген сұрақ қойды. Бұл сұраққа жауап берген аудан басшысы бүгінгі таңда аудан бойынша 800-ден астам адам тұрғын үй кезегінде тұрғанын, барлығы ашық түрде, кезегі келіп тұрған адамға берілетінін айтты.

-Бұған қоса мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың нәтижесінде, салынып жатқан 60 пәтерлік үйден бөлек, көп балалы аналар үшін арнайы үйлер сатып алуды жоспарлап отырмыз. Бұл ауданымыздағы баспана мәселесін біртіндеп шешуге мүмкіндік береді, – деді Ж.Бахуұлы.

Б.Сүйеуова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз