Алмалы ауылына әкім сайланды

Бұдан бұрын хабарланғанындай, 2019 жылдың 3 маусымы күні Махамбет ауданына қарасты Алмалы ауылдық округінің әкімін сайлауы өтті.

Заңдылыққа сай әкімдікке үміткерді таңдауға аудандық мәслихаттың тоғыз депутаты түгел қатысты. Сайлау қорытындысы бойынша хабарлама жасаған аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сағымбай Шотпақов үміткерлердің қанша дауыс иеленгендерін паш етті.

s

Алмалы ауылдық округі әкімдігіне кандидат Жағыпарова Салтанатты жақтап, 1 дауыс берілсе, таңдаушылар келесі кандидат Сұлтанғалиев Жанболатты жақтап, 1 дауыс берген. Ал, Аухадиева Гүлшат таңдаушылардың 6 дауысын иеленген. Сонымен ең көп дауыс жинаған Аухадиева Гүлшат Алмалы ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Ол осыған дейін Алмалы орта мектебінің директоры қызметін атқарып келді.

Н.Ерғалиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521