Жүргізуші велосипедтегі баланы қағып кеткені үшін жазаланды

Махамбет ауданының Алға ауылының автожолында жол ережесін бұзған көлік жүргізушісі велосипед теуіп келе жатқан жасөспірімді қағып кеткен.

Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметінен білгеніміздей нәтижесінде велосипедпен бара жатқан кәмелет жасына толмаған баланың денсаулығына жеңіл зақым келген. Баланың ата-анасының шағымы негізінде жүргізушінің ісі аудандық сотта қаралды. Жүргізуші өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушінің ата-анасынан кешірім сұраған. Сот Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610 бабының 2 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін жүргізушіні кінәлі деп танып, 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды.

Б.Сүйеуова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT