Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласында: «Аға ұрпақ пен зиялы қауым өкілдері, сіздер халықты ынтымаққа шақырып, жақсылыққа, ізгі амалдар жасауға, саламатты өмір салтын ұстануға үндеңіздер.Жастарды еңбекке, білім алуға, қатарының алды болуға тәрбиелеңіздер. Ұрпақ алдындағы жауапкершілік бізді осыған міндеттейді»,- деген болатын.

Төтенше жағдай режиміне көшкен еліміздің халқына аталған мақала демеу болғаны сөзсіз. Қазіргі жағдайда бәріміз бір болып, жан-жаққа тартпай, жұмылсақ, біз бұл індетті оңай еңсереміз. Біздер, ауыл ардагерлері осындай уақытта жастарға ел мен жердің қадірі жөнінде салиқалы әңгімелерді айтып жүрсек, артық етпейді. Оған қоса Нұрсұлтан Әбішұлының да жастарға үндеуі оның жас ұрпақтың тағдырына ерекше алаңдайтынын көрсетті.

Еліміз осы бір өтпелі кезеңнен аман-есен өтіп, арты қайырлы боларына сенеміз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, еліміздің тыныштығы жолында жас демей, кәрі демей өз үлесін қосу – әр азаматтың міндеті.

Мақалада айтылғандай, рухы мықты, өзіне сенімді адамды қиындықтар шынықтырады. Сондықтан біз бойкүйездіктен, сарыуайымнан, енжарлықтан арылып, тығырықтан шығудың жолын іздеген бүкіл әлем халқымен бірге ширыға, шыңдала түсуіміз керек. Бүгінде «аққу, шортан, һәм шаянның» кейпіне енбей, ертеңгі күн үшін, елдігіміз үшін, байбаламға салмай, барымызды бағалап, бағымызды қадірлей білейік.

Жылқайдар Сұлтанов,

Махамбет ауданының Құрметті азаматы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT