Аудан дәрігерлері: «Сіздің өміріңіз біз үшін маңызды»

Күллі әлемге кесірін тигізіп отырған кесірлі кеселді жұқтырғандар саны күннен-күнге өршіп адамзат баласына үлкен қауіп төндіруде.

Бірақ Мемлекет басшысының осы аурудың алдын алуға бағытталған ауқымды шараларының арқасында қазір бізде жағдай қалыпты, аудандағы ахуал тұрақты.

Дәрігер деген кең ұғым, қастерлі мамандық. Бұл мамандық иелерінің жауапкершілігі де мол, атқаратын жұмыстары да ауқымды. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін осынау маңызды салаға бүкіл өмірін арнап келе жатқан абзал жандар қаншама. Оларды “ақ желеңді абзал жандар, адам жанының арашашысы” деп жатамыз.

Бастарын қатерге тіксе де, үй көрмей жұқпалы індетпен жағаласып жүрген абзал жандар біраз қиындық көрсе де, Гиппократ алдындағы антқа адал екендіктерін айтып, ағынан жарылып, тұрғындарды індет жұқтырып алмау үшін үйде отыруға шақырады.

Індетпен күрестің алғы шебінде ақ халатты абзал жандардың алдында басымызды иейік! Өз денсаулығы мен өмірін қатерге тігіп, басқалар үшін тәуекелге бел буған медицина қызметкерлеріне мың да бір алғыс!

«Жайық-Ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521