Бойымызға сенімділік ұялатты

Таяуда Елбасы Н.Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы жариялағанын білеміз.

Онда: «Тұтқиылдан келген індет барша адамзатқа қауіп-қатер төндіріп, дүние жүзі бойынша 1,4 миллионнан астам адам дертке шалдығып, ондаған мың адам өмірін қиды. Қазақстан әлем елдерінің ішінде ең алғаш болып, іске кірісті. Тиісті сақтандыру шаралары жасалып, мемлекеттік органдар арнаулы дайындықтан өткізілген. Жағдайды оңалту үшін көп жұмыстар істелді, әлі талай шаралар атқарылатын болады. Игі мақсаттағы іс-шаралардың бәріне жер-жерлерде бүкіл халық болып, қолдаулар көрсеткеніміз жөн»- деді Тұңғыш Президентіміз өз мақаласында.

Сонау егемендік алған жылдары Елбасымыз іргелес елдердің бәрімен тату-тәтті қарым-қатынас орнатып, шекара мәселесін түбегейлі шешіп, түрлі деңгейдегі ынтымақтастық ұйымдарын құруға бастамашыл болды. Атап айтсақ, Еуразия экономикалық одағын, Шанхай ынтымақтастық ұйымын, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесін құрды. Сонымен қатар Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының тарихи саммитін, Астана экономикалық форумының бүкіләлемдік ЕХРО көрмесін өткізуі Қазақстан мен дүниежүзі мемлекеттері арасындағы өзара достық пен сенімне негізделген экономикалық ынтымақтастықты нығайту үшін жасалғанын білеміз.

Қазіргі таңда жер-жаһанды әбігерге салып тұрған індет бүкіл әлемде экономикалық дағдарыс туғызып отырғаны жасырын емес. Алып кәсіпорындардың жұмысы тоқтап, көлік атаулының қозғалысы шектелді. Мұнай бағасы құлдырап, елдер арасындағы шекаралар жабылып, алыс-беріс тыйылды. Мұның бәрі бұрын-соңды болмаған аса ауқымды рецессияға әкеліп соқтырып, жұмыссыздықты көбейтіп отырғаны рас.

Елбасының қолдауымен Елордада әлемдік деңгейдегі аса ірі ғылыми-медициналық орталықтар ашылып, мамандар әлемнің ең дамыған елдерінде тәжірибеден өткенін білеміз. Көптеген жастарымыз «Болашақ» бағдарламасымен білім алып, бұл бағдарлама әлі де жалғасын табуда.

Осындай алдын ала қамдану нәтижесінде ұлт денсаулығына қатер төндірген бүгінгідей қиыншылық заманда жұқпалы дерттің дәл диагностикасын жасау, алдын алу, науқасты емдеу сияқты тиісті шараларды дәрігерлеріміз жоғары кәсіби деңгейде атқаруда дегені құптарлық. Ендеше, алаңдауға еш негіз жоқ. Елбасының мақаласы біздің бойымызға сенімділік ұялатты дегіміз келеді.

Сайлаубай Жұмағалиев,

Ақжайық ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT