Жұдырықтай жұмылған жастар

Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің.

Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Осығай орай ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты Махамбет ауданында «30 игі іс» қайырымдылық марафоны аясында әлеуметтік және қайырымдылық іс-шаралары, түрлі акциялар ұйымдастырылуда.

«30 игі іс» қайырымдылық марафонының іске асуына аудан жастары, «Biz Birgemiz» жалпыұлттық волонтерлар корпусы, барлық деңгейдегі депутаттар белсенділік танытуда. Акция барысында жастар әлеуметтік жағынан осал топ санатындағы отбасыларға, жалғызбасты қарттарға азық-түлік себеттерін таратты. Сондай-ақ, үй жағдайына, шаруашылығына қолғабыс етіп, үлкендердің ақ баталарын алды.

- «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» - деген екен дана халық.  «BizBirgemiz» корпусының волонтерлары ауданымыздағы жалғызілікті қарт кісілеріміздің үй іші мен аулаларына тазалық жұмыстарын жүргізіп, шаруашылық жұмыстарына көмек беруде. «Ардагерлерді ардақтайық!», «Жақсылық жаса!» акциялары аясында да жұмыстар жасалуда. Жастардың бойында мейірімділік сезімін оятуды көздеген мұндай акциялардың көмегі зор,-дейді аудандық жастар ресурстық орталығының маманы С.Ғалымова.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521