Айбыны асқақ астана!

Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі.

Баршаңызды киелі Сарыарқаның сайын даласына керегесін кең жайған Елорда - Астана күні мерекесімен шынжүректен құттықтаймын!

Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі. Тұңғыш Елбасымыздың стратегиялық көрегендігімен бас қала атанған, ажары кіріп, айбыны асқақтаған елордамыз бүгінгі күні еліміздің бойтұмарына айналғаны ақиқат.

Бүгінгі Елордамыз – саяси көшбасшылар, іскери серіктестер мен инвесторлар, діндер мен конфессия өкілдері, зиялы қауымның кездесіп, кеңес құратын орны,шығармашылық жоспарларды,инновациялық идеялар мен батыл бастамаларды жүзеге асыру алаңына айналды.

Дүбірлеген дүниенің бірқатар бөлігінде, іргелес жатқан елдерде бейбітшілікке қауіп төніп, халықтың басына ауыртпалықтар түсіп жатқанда, біздің елімізде қалыптасқан ынтымақ пен бірлік,татулық пен келісім қанатын кең жайып келеді.

Қадірменді жерлестер!

Қай-қайсымызда бүгінгі Елордамыздың тарихымен,дәстүрімен, мәдениетімен және қайталанбас қолтаңбасымен мақтанамыз. Татулығымыз – ырысты, бірлігіміз – көрікті болсын! Елдігіміздің баянды болашағы, бақытты ғұмыры ұзағынан болғай!

Сіздерге мықты денсаулық,баянды бақыт, бейбітшілік пен молшылық тілеймін!

Р.ЖАНҚЫЛЫШ,

аудан әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT