Жоспардан жаңылмайтын ауыл

Газетке жазылу жұмыстарына жанын сала кірісіп, жыл сайын алдыңғы қатардан көрінетін Ақжайық ауылдық округі биыл да жылдағы дәстүрден жаңылмай, жоспарды толығымен орындады.

Газетке жазылу жұмыстарына жанын сала кірісіп, жыл сайын алдыңғы қатардан көрінетін Ақжайық ауылдық округі биыл да жылдағы дәстүрден жаңылмай, жоспарды толығымен орындады.

Газет – қашанда халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаушы. Билік пен бұқараның арасындағы алтын көпірдің рөлін атқаратын аудандық басылымның біз үшін орны ерекше. Жазылу науқаны кезінде ақжайықтықтар әрдайым ауызбіршілік танытып, жоспардан шығуға жұмыла жұмыстанамыз.Тұрғындар аудан тынысымен танысып, жаңалықтарды бір-бірімен бөлісіп отырады. Жергілікті басылымның журналистері қоғамда болып жатқан барлық оқиғаларға кәсіби тұрғыда мән беріп, тұшымды мақалалар жариялап отырады.

Қай кезде де газет оқырмандар үшін рухани азық көзі бола білді. Ауданның қоғамдықсаяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына ақпараттық тұрғыдан үлкен үлес қосып келе жатқан «Жайық шұғыласына» жазылуды жоғары деңгейде жүргізе береміз. Биылғы гаетке жазылу науқаны кезінде қолдау көрсеткен «Жұмағалиева Н.М» шаруа қожалығына көп рахмет айтамыз. Бұл шаруа қожалығының иесі бір өзі 45 адамды аудандық басылымға жаздыруға қолдау көрсетті,-дейді Ақжайық ауылдық округінің әкімі Сайлау Жұмағалиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521