Жолдауда айқындалған басты құндылық – берік отбасы

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында отбасы институтын нығайту, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту және балалардың қауіпсіз, бақытты өмір сүруіне жағдай жасау мәселелері ерекше назарға алынды.

Президенттің бұл бастамалары – қоғамдағы отбасылық құндылықтарды сақтау мен әлеуметтік қолдауды күшейтуге бағытталған маңызды қадам. Өйткені отбасы – мемлекеттің іргетасы, ал әрбір баланың амандығы мен бақыты – елдің жарқын болашағының кепілі.

Махамбет аудандық отбасын қолдау орталығы да осы бағытта жұмысын жалғастырып келеді. Орталық мамандары тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсетіп, психологиялық және құқықтық кеңес беру арқылы халықпен тығыз байланыс орнатуда.

– Жолдауда айтылған міндеттерді жүзеге асыру – біздің басты мақсатымыз.

Р.Темірланов,

Махамбет аудандық отбасын қолдау орталығының директоры 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT