Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы – еліміздің дамуының жаңа кезеңін айқындап берген маңызды стратегиялық құжат. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығын жаңғырту, кәсіпкерлікті қолдау, инфрақұрылымды жақсарту және әлеуметтік саланы дамыту бағыттарына ерекше мән берді.
Ауылдық аймақтардың өркендеуі – елдің тұрақтылығы мен халықтың әл-ауқатының кепілі. Осы орайда Махамбет ауылдық округінде де жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.
Қазіргі таңда ауыл ішінде жолдарды жөндеу, ауыз су және электр желілерін жаңарту, абаттандыру және санитарлық тазалық шаралары қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу, жастарды қолдау және әлеуметтік нысандардың жұмысын жақсарту бағытында нақты қадамдар жасалуда.
Жолдауда көрсетілген бастамаларды іске асыру – ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға, ауылдың экономикалық және әлеуметтік әлеуетін күшейтуге зор мүмкіндік береді.
Біздің басты мақсат – ауылдың әр тұрғынының жағдайын жақсартып, елді мекенімізді көркейту жолында аянбай еңбек ету.
Т.Бертлеуов,
Махамбет ауылдық округі әкімінің орынбасары


