Қазақстан халқының жарқын болашағына бағыт-бағдар беретін Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы – халқымыздың ынтымағын арттырып, елдің мұң-мұқтажын тыңдап қана қоймай, нақты шешу жолдарын көрсеткен тарихи құжат деп айта аламыз. Президентіміздің сөзі – әрбір қазақстандық үшін үміт пен сенім сыйлайтын бағдаршам іспетті.
Жолдауда әлеуметтік қолдау шараларының басты мақсаты – халықтың тұрмыс сапасын арттыру, азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету екені атап өтілді. Бұл – мемлекетіміздің дамуындағы басты капитал – адам екенін айқындайтын стратегиялық ұстаным. Сондықтан да 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануы – жастарға нақты мүмкіндік, қоғамға қажетті мамандықтарға жаңа серпін беретін шешім.
Биылғы Жолдау ерекше бір қырынан – жаңа технологиялар дәуірін ашып берді. Президентіміз атап өткендей, жасанды интеллект – әлемдік дамудың басты бағытына айналып отыр. Бұл тек экономика мен ғылымды ілгерілетіп қана қоймай, жастарға білім алудың, өзін-өзі дамытудың тың жолдарын ашатын құрал. Бүгінгі жастардың міндеті – цифрлық сауаттылықты арттырып, инновациялық жобаларға белсене араласу.
Жасанды интеллектті меңгеру – жастардың жаһандық бәсекеге қабілетті болуына жол ашады. Сондықтан біз, жастар, мемлекет белгілеген жаңа бастамаларды қолдай отырып, білім мен ғылымды дамытуға, жаңа технологияларды игеруге, елдің өркендеуіне өз үлесімізді қосуға тиіспіз.
Жастар үшін Жолдау – тек жоспар емес, ол жаңа мүмкіндіктер кезеңінің есігі. Президентіміздің сенімі – біздің күшімізді еселейтін басты тірек.
Гүлжайна Мухтарова,
Аудандық Жастар ресурстық орталығының
NEET санатындағы жастар жөніндегі маманы