Жолдау – білім саласының жаңа белесі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялап, ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашты. Жолдауда елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және мемлекеттің болашақтағы басым бағыттарын айқындауға басымдық берілді.

Президент өз сөзінде цифрландыру, энергетикалық қауіпсіздік, бизнесті қолдау, әлеуметтік сала және азаматтық белсенділік бағыттарын нақтылап көрсетті. Әсіресе, білім беру саласына ерекше тоқталып, жас ұрпақтың заман талабына сай тәрбиеленіп, сапалы білім алуы – мемлекеттің басты құндылығы екенін атап өтті.

Мұғалім ретінде мен үшін бұл Жолдау – білім беру саласына серпін беретін тарихи құжат. Президенттің білім мен цифрландыруға қатысты бастамалары бүгінгі күннің басты міндеттерімен үндес. Өйткені бүгінгі оқушы – ертеңгі Қазақстанның білікті маманы.

Осыған орай біз, ұстаздар қауымы:

Оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға,

Зерттеушілік және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға,

Жаңа технологияларды игеруге бейімдеуге күш саламыз.

Бұл бастамалар Қазақстанның жаңа буынын бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуге, еліміздің болашағын білімді әрі жаңашыл жастарға сеніп тапсыруға мүмкіндік береді.

Жолдауда айтылған әрбір міндет – біз үшін бағыт-бағдар. Сондықтан ұстаз ретінде осы мақсаттарды жүзеге асыруға өз үлесімді қосу – мен үшін ең басты парыз.

Эльмира Еспусинова,

З.Ещанова атындағы балалар өнер мектебінің директоры,

Махамбет аудандық мәслихат депутаты 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT