Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында Қазақстанның жаңа даму бағыты кеңінен қамтылып отыр. Мемлекетіміздің басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру, қоғамдағы әділеттілікті нығайту және заманауи технологияларды пайдалана отырып, бәсекеге қабілетті ел құру. Бұл ретте экономикалық шығындарды азайту, үкіметтің артық жауапкершілігін қысқарту, істерді халыққа және үкіметтік емес секторға беру – еліміз үшін тиімді қадамдардың бірі. Бұл іс-шаралар үкіметтің меншігін азайтып қана қоймай, елде ашықтық пен сенімділікті күшейтеді.
Халық пен элита өзара ынтымақтасып, мемлекет басқаруда, жаңа саясат құруда белсенділік танытуы – Қазақстандағы демократия мен құқықтық бостандықтардың нақты үлгісі болып табылады.
Сонымен қатар, қазіргі әлемдегі ең өзекті мәселелердің бірі – жасанды интеллект. Бұл технологияны дамыту Қазақстанның келешегінде маңызды рөл атқарады. Жасанды интеллект білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, өндіріс пен басқару саласында тиімділікті арттырады. Ол тек экономиканы ғана емес, қоғамның әлеуметтік өмірін де өзгертеді. Сондықтан мемлекетіміз осы салаға инвестиция салып, жас ұрпақтың жаңа технологияларды игеруіне жағдай жасауы тиіс.
Қазақстанның бүгінгі бағыты – тиімді басқару, ашық қоғам құру және жаңа технологияларды пайдалана отырып, әділетті мемлекет қалыптастыру. Халық пен билік арасындағы ынтымақтастық, сондай-ақ жасанды интеллектті енгізу – біздің елдің тұрақты дамуының кепілі.
Шынаргул Измагамбетова,
Махамбет аудандық орталық кітапхананың басшысы,
Махамбет аудандық мәслихат депутаты