Жолдау – жас спортшыларға берілген нақты бағдар.

Президент Жолдауында спортты, соның ішінде бұқаралық және балалар-жасөспірімдер спортын дамытуға ерекше мән берілгені қуантады. Бұл – жас боксшылардың болашағына жасалған маңызды қадам. Мемлекет басшысы салауатты ұлт қалыптастыру үшін спорт инфрақұрылымын дамыту, ауыл-аймақтағы спорт секцияларын қолдау қажеттігін нақты атап өтті.
Бапкер ретінде айтарым, Жолдауда көтерілген бастамалар жас спортшылардың кәсіби тұрғыда өсуіне, тәртіп пен төзімділікке тәрбиеленуіне жол ашады. Бокс – тек күш емес, мінезді, жауапкершілікті қалыптастыратын спорт. Мемлекеттік қолдау артқан сайын, халықаралық аренада ел намысын қорғайтын жаңа чемпиондар шығатынына сенемін.
Жолдау – бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Жас ұрпақты спортқа баулып, ел болашағы үшін аянбай еңбек ету – әр бапкердің басты міндеті.

Гуртовой Александр,
жас боксшы, жаттықтырушы.

#Жолдау2025 #СпорттыДамыту #ЖасБоксшылар #СалауаттыҰлт #БұқаралықСпорт

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT