Жолдау – салауатты ұлт қалыптастырудың басты бағыты.

Президент Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мен жастардың денсаулығын нығайту мәселесіне ерекше мән берілді. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде бұл бастамалар мен үшін өте маңызды. Себебі мектеп қабырғасынан бастап салауатты өмір салтын қалыптастыру – болашақта дені сау, белсенді әрі жауапкершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеудің кепілі.
Жолдауда спорт инфрақұрылымын жетілдіру, ауылдық жерлерде балалар мен жастарға қолжетімді спорт нысандарын көбейту туралы айтылғаны қуантады. Бұл жас мамандарға үлкен сенім мен серпін беріп, өз ісімізге жауапкершілікпен қарауға жетелейді.
Тегісбаев Атабек,
жас маман, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

#ПрезидентЖолдауы #СалауаттыҰлт #БұқаралықСпорт #ЖасМаман #ҰрпақБолашағы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT