Жолдау - мәдениетке жаңа тыныс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында  көтерген мәселелер – тек ел астанасы мен ірі қалалар үшін емес, ауыл-аймақтағы әрбір отбасының өміріне тікелей қатысты. Бұл Жолдаудан халыққа деген қамқорлықты, мемлекетіміздің болашағына деген жауапкершілікті анық байқадық.

Жолдауда айтылған жасанды интеллект дәуіріне дайындық – заман талабы. Технология қаншалықты дамыса да, ұлттық құндылықтар мен мәдениетіміздің орны бөлек. Біз үшін ең бастысы – сол дәстүрді сақтай отырып, жаңашылдыққа жол ашу. 

Сонымен бірге Жолдаудағы әлеуметтік қолдау, ауылды дамыту, білім мен спортқа инвестицияны арттыру секілді бастамалар – қоғамның тұрақты дамуының кепілі. Әсіресе ауылдық мәдениет ошақтарын жаңғырту туралы бастама – бізге үлкен серпін берді. Өйткені мәдениет – елдіктің, бірліктің, берекенің бастауы.

Жастарға қолдау көрсету туралы айтылған тапсырмалар да біз үшін ерекше маңызды. Өнерге талпынған жас буынды қанаттандыру – мәдениет үйінің басты миссиясы. Президенттің қамқор саясатына сүйене отырып, біз жастарға жаңа мүмкіндіктер ашамыз, ұлттық өнерімізді заманауи технологиялар арқылы кеңінен насихаттаймыз.

Жолдау – елдің ертеңіне бағытталған бағдаршам. Мұнда тек экономика мен саясат қана емес, әрбір саланың өзекті мәселесі қамтылып, нақты шешу жолдары көрсетілді. Бұл – Қазақстанның жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін тарихи қадам.

Сондықтан біз, Жолдауда жүктелген міндеттерді орындау жолында табанды еңбек етеміз. Елдің мәдени өмірін байыту, халықтың шығармашылық әлеуетін дамыту, ауылдағы өнер мен дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – біздің басты борышымыз.

Қ.Жұмашев,

Жалғансай ауылдық "Шалқыма" мәдениет үйінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT