Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында еліміздің қазіргі күрделі жағдайда тұрғаны, түрлі қауіп-қатердің күшейіп отырғаны айтылды. Осындай кезеңде елдің тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз ету — ең басты міндет екені атап өтілді. Жолдауда көтерілген мәселелер әрбір өңір үшін, соның ішінде біздің аудан үшін де аса өзекті.
Жолдауда көрсетілген әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары — нақты, өміршең және практикалық маңызы зор шаралар. Әсіресе цифрлық жаңғыруды күшейту, қауіпсіздік механизмдерін жетілдіру, экономикалық тұрақтылықты арттыру бастамалары ауданның дамуына серпін береді.
Біздің аудан үшін инфрақұрылымды жақсарту, кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығын жаңғырту, халықтың әлеуметтік жағдайын арттыру бағытында мемлекеттік саясаттың жалғасуы өте маңызды. Жолдауда ұсынылған өзгерістер осы салалардағы жұмысымызға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Жалпы, Жолдау – ел дамуының алдағы кезеңіне айқын бағдар беретін маңызды құжат. Ондағы міндеттерді жүзеге асыруға ауданымыз да өз деңгейінде үлес қосуға дайын. Бірлік пен іскерлік танытсақ, белгіленген мақсаттар міндетті түрде орындалады деп сенеміз.
Д.ЖОЛДАСҚАЛИ,
Махамбет ауданы


