Президенттің биылғы Жолдауында жаһандық өзгерістердің ел экономикасына әсері жан-жақты талданды. Әсіресе сирек кездесетін металдар мен стратегиялық материалдардың маңызы артып келе жатқаны атап өтілді. Бұл – жаңа экономикалық мүмкіндіктер дәуірінің белгісі.
Қазір әлемдік өндіріс те, сауда жүйесі де түбегейлі өзгеріп жатыр. Осындай кезеңде Қазақстанның жер қойнауындағы бай ресурстарды тиімді игеруі елдің халықаралық нарықтағы орнын күшейте алады. Сирек металдарға деген сұраныстың өсуі – біздің еліміз үшін жаңа инвестициялар тартуға, жаңа өндірістер ашуға, өңдеу саласын дамытуға жол ашады. Бұл бағыт әсіресе өңірлер мен аудандардың экономикасын әртараптандыруда үлкен рөл атқарады.
Жолдауда айтылған бастамалар Қазақстанның жаңа жаһандық жүйеде өз орнын нығайтуына мүмкіндік береді. Біз осы мүмкіндіктерді дұрыс пайдалансақ, елдің де, өңірлердің де экономикалық әлеуеті айтарлықтай артады. Сондықтан Жолдауда қойылған міндеттерді жүзеге асыру – ортақ мақсат, ортақ жауапкершілік.
Г.СӘДУАҚАС


