Жолдау аясындағы басты міндет – еңбек адамының мәртебесін арттыру

Биылғы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында еңбек нарығын дамыту, жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру мәселесіне айрықша назар аударылды. Президент атап өткендей, ел дамуы ең алдымен білікті маман мен еңбек адамына тікелей байланысты.

Бүгінгі таңда еліміздің өркендеуі мен тұрақты дамуы жолында жұмысшы мамандықтарының рөлі ерекше. Құрылысшы, дәнекерлеуші, темір ұстасы, механизатор, тігінші, электрик – барлығы да қоғамның тірегі, халықтың игілігі үшін тер төгіп жүрген еңбек майталмандары. Олардың әрқайсысы ел экономикасының дамуына өз үлесін қосып, өміріміздің іргетасын қалауда.

Еңбек адамына құрмет – елдің абыройы. Қолымен еңбек еткен адам – тек материалдық құндылық емес, елдің болашағын сомдап жатқан шынайы тұлға. Сондықтан жастарды еңбекке баулу, жұмысшы мамандықтарына қызығушылығын арттыру – уақыт талабы.

Жастарды жұмысшы кәсіптерін игеруге, шеберлік пен жауапкершілікті қадірлеуге шақырамыз!

Өйткені білікті маман – берік мемлекет тірегі!

А. Есенжанқызы

Белсенді жас,

Махамбет ауданы 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT