Қашықтан оқыту мен жасанды интеллект – заманауи білім берудің жаңа бағыты

Қазіргі таңда қашықтан оқыту тәсілі мен жасанды интеллект (AI) – заман талабына сай білім берудің жаңа бағыты болып отыр. Цифрландыру дәуірінде білім беру саласы да жаңа форматқа көшіп, оқушылар мен студенттерге қолжетімді әрі тиімді мүмкіндік ұсынып келеді.

Онлайн платформа арқылы кез келген уақытта, кез келген жерден білім алу – жастарға үлкен артықшылық. Бұл тәсіл әсіресе шалғай елді мекендерде тұратын оқушылар мен студенттер үшін сапалы білімге жол ашуда.

Ал жасанды интеллект оқу үдерісін жекелеп, тиімді етуге мүмкіндік береді. AI жүйесі әрбір студенттің білім деңгейін сараптап, оның қабілеті мен қарқынына сай жеке оқу жоспарын ұсына алады. Мұғалімдер үшін бұл – оқу процесін жеңілдететін, уақытты үнемдейтін жаңа құрал болса, білім алушылар үшін – үздіксіз даму мен шексіз мүмкіндік көзі.

Жасанды интеллект сонымен қатар бағалау жүйесін әділдетіп, оқу материалдарын визуалды және интерактивті форматта ұсынуға көмектеседі. Бұл – білім алушының қызығушылығын арттырып, оқу нәтижесін жақсартуға жол ашады.

Бүгінгі басты міндет – технологияны орынды пайдаланып, білім сапасын арттыру, оқыту процесін адам мен машинаның тиімді ынтымақтастығына негіздеу.

Өйткені болашақ — цифрлық сауатты, креативті және ізденімпаз ұрпақтың қолында!

М. Түгелбаева,

Махамбет ауданы 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT