Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің білім беру саласын дамытуға басым бағыт берілді. Президент атап өткендей, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 217 мектептің 150-і бүгінде өз жұмысын бастап кеткені – ел ертеңіне жасалған маңызды инвестиция. Бұл – өскелең ұрпақтың сапалы білім алуы мен жан-жақты дамуына жол ашатын зор мүмкіндік.
Махамбет ауданында да соңғы жылдары білім беру инфрақұрылымын жаңғырту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Жаңа мектеп ғимараттары бой көтеріп, материалдық-техникалық база жаңартылды. Оқу орындарына цифрлық технологиялар енгізіліп, заманауи білім беру құралдарымен қамтамасыз ету деңгейі артуда. Бұл ауылдық жерлердегі оқушылардың сапалы әрі тең білім алуына айтарлықтай ықпал етуде.
Болашақ – білімді ұрпақтың қолында. Сол себепті Мемлекет басшысы бастамашы болған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы – еліміздің дамуына серпін беретін стратегиялық бастама. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру – әр өңірдің, әрбір ұстаз бен азаматтың ортақ міндеті.
Махамбет аудандық білім бөлімі жас ұрпақтың жан-жақты дамуы мен сапалы білім алуына барлық жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастыра береді. Біздің басты мақсатымыз – бәсекеге қабілетті, ой-өрісі кең, жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу.
Г.Тажикова,
Аудандық білім бөлімінің бас маманы