Қазіргі заманды жаңа технологияларсыз елестету мүмкін емес. Әлемнің беталысы жасанды интеллектке қарай ойысып отыр. Осындай тарихи кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауы – халқымызға нақты бағдар берген маңызды құжат. Президенттің жасанды интеллектті дамытуға басымдық беруі – ел ертеңін айқындайтын, жас ұрпаққа жарқын болашақ сыйлайтын қадам деп санаймыз.
Бейбарыс ауылдық округі үшін де бұл бастама ерекше мәнге ие. Жасанды интеллектті ауыл шаруашылығына енгізу арқылы өнімділікті арттырып, жеріміздің құнарын сақтауға, мал шаруашылығын заманауи әдістермен дамытуға болады. Сондай-ақ, білім беру саласында ауыл жастарына цифрлық технологияларды үйрету – олардың бәсекеге қабілетті болуына жол ашады. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету салаларында да жасанды интеллекттің игілігін ауыл тұрғындары көре бастайды деп сенеміз.
Сондықтан біз, Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған міндеттерді қолдай отырып, округіміздің дамуына бар күшімізді саламыз. Жасанды интеллект дәуірі – еліміздің жаңа серпілісі ғана емес, ауылдың да өркендеуіне бастайтын жол. Бірлігімізді сақтап, жаңашылдықты қабылдай білсек, ауылымызда заман көшінен қалмай, алдыңғы қатардан табылары сөзсіз.
С.ЗУЛХАШЕВ,
Бейбарыс ауылдық округінің әкімі