Жасанды интеллект - болашақтың бағдары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы – ел дамуындағы жаңа дәуірдің айқын бағдары. Әсіресе, жасанды интеллектті тиімді пайдалану мәселесіне ерекше тоқталғаны – уақыт талабына сай қабылданған маңызды шешім деп білеміз.

Бүгінде бүкіл әлем цифрландыру үдерісіне қадам басып, жаңа технологияларды кеңінен енгізуде. Бұл тұрғыда Қазақстанның да көштен қалмай, алдыңғы қатарлы елдермен терезесін тең ұстауы – стратегиялық міндет. Жасанды интеллект мүмкіндіктері өндірісті жаңғыртып қана қоймай, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы сияқты түрлі салада тиімділікті арттырады.

Ардагерлер қауымы үшін де бұл бастама үлкен үміт ұялатады. Өйткені жасанды интеллект – жастарға жаңа кәсіптерге жол ашып, еңбек өнімділігін арттыруға, қоғам өмірін жеңілдетуге қызмет етпек. Біз үшін ең бастысы – еліміздің игілігіне бағытталған осы технологияларды ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып енгізу.
Жолдау – халықтың ертеңіне деген сенімін нығайтып, жаңа даму кезеңіне бастайтын тарихи құжат. Ардагерлер қауымы Президентіміздің бастамаларын қолдай отырып, жас ұрпақты ғылым мен білімге, жаңа технологияларды игеруге үндеуді басты парызымыз деп санаймыз.

 

С.ЖАЙЛАШЕВ,
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT