“Таза Қазақстан” жалпыұлттық акциясы аясында Алға ауылдық мәдениет үйінің ұжымы мекеме аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында қызметкерлер кәсіпорын айналасын ретке келтіріп, қоршаған ортаның тазалығына үлес қосты.
Мұндай іс-шаралар ауылдың абаттануына сеп болып қана қоймай, тұрғындарға экологиялық жауапкершілік тұрғысынан үлгі болуды көздейді.
Г.СӘДУАҚАСОВА
Махамбет ауданы