Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында қоғамдағы көлік жүргізу мәдениетіне ерекше назар аударды.
Расында да, жолдағы тәртіп – елдің өркениеттілік деңгейінің айнасы. Әрбір жүргізуші мен жаяу жүргінші өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарағанда ғана адам өмірінің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
Көлік жүргізу мәдениетін қалыптастыру – тек заң талаптарын сақтау емес, бұл – өзгенің өміріне құрметпен қараудың, азаматтық сананың көрінісі. Осы бағытта қоғамның барлық мүшесі белсенділік танытып, балаларға, жастарға дұрыс үлгі көрсету – ортақ міндет.
Президенттің бұл үндеуі – әр азаматтың бойында жауапкершілік сезімін оятып, қауіпсіз қоғам қалыптастыруға шақыратын маңызды қадам. Бұл бастама баршамызды өз өміріміз бен айналамыздағы адамдардың амандығына немқұрайлы қарамауға үндейді.
Гүлдана Сәдуақас

