Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында экономикалық өсімнің басты қозғаушы күші ретінде инвестиция мен жеке кәсіпкерлікті дамыту қажеттігін атап өтті. Бұл – ел экономикасын әртараптандыру мен жаңа жұмыс орындарын ашудың нақты жолы.
Ірі инвесторлармен қатар шағын және орта кәсіп иелерімен тығыз байланыс орнату – өңірлік дамудың маңызды шарты. Себебі шағын бизнес – ел экономикасының тірегі, ал олардың тұрақты дамуы халықтың әл-ауқатына тікелей әсер етеді.
Аудан көлемінде де инвестициялық жобаларды көбейту, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау, жаңа өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстарды жүйелеу қажет. Осындай қадамдар арқылы жергілікті экономикаға серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға болады.
Ж.ЖОЛАМАНОВА

