Цифрлық дәуірдің талабына сай геологиялық серпін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында еліміздің дамуы үшін жаңа серпін беретін маңызды мәселені көтерді – геологиялық барлау ісін жандандыру.

Расында, жер қойнауын зерттеу – тек қазба байлық көздерін табу ғана емес, ол – елдің экономикалық тәуелсіздігін нығайтудың, ғылым мен технологияның өркендеуінің алғышарты.

Бүгінгі таңда цифрлық дәуірде өмір сүріп отырғанымызды ескерсек, жер қойнауын заманауи әдістермен зерттеу – уақыт талабы. Цифрлық құралдар арқылы жасалатын геологиялық карта еліміздің табиғи әлеуетін толық ашуға мүмкіндік береді. Бұл бағытта өңірлердің белсенді қатысуы – табыстың басты кепілі.

Жолдауда айтылған бастамалар еліміздің болашағына бағдар беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп сенеміз.

Г.ЖОЛДАСҚАЛИҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT