Жолақы 330 теңге

СҰРАҚ: -Махамбет- Атырау арасына автобус қашан болады екен? Қазір таксистер бағаны 800 теңгеге көтерді. Оны ауданда бақылайтын орган бар ма?

Ауылда жұмыс жоқ болғандықтан көпшілік қалаға күнде барып, қатынап жасайды.

Осыған байланысты автобустар болса, бағасы тиімді. Ұсынысты қарап, оңынан шешсеңіздер.

Руслан ҚҰМАРОВ.

ЖАУАП: -Атырау-Махамбет жолаушылар тасымалын облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы реттейді. Жолаушылар тасымалы кәсіпкерлік негізде жүргізіледі. Қазір аудан көлемінде кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті жергілікті азаматтарға үлкен мүмкіндік бар. Ол мемлекет тарапынан берілетін субсидия. ҚР методикасына сәйкес Атырау-Махамбет арасына 1500 теңге болып бекітілген. Арасы 66 шақырым болса, әр шақырым 5 теңгеден белгіленген. 5 теңгені 66 шақырымға көбейтсек, 330 теңге болады. Аталған 330 теңге жолақысы болса, қалған 1170 теңге субсидия ретінде мемлекеттен төленеді. Сондықтан кез келген кәсіпкер «Бастау Бизнес» немесе басқа жеңілдіктер арқылы автобус сатып алып, облыстық басқармада өткізілетін конкурсқа қатыса алады. Кәсіпкер табылса, бұл мәселе оң шешімін табады.

Айдарбек ЗИНОЛЛАЕВ,

аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы,

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT