Еңбек биржасы арқылы 16 адам жұмыс тапты

Бүгінде «Enbek» электронды еңбек биржасы арқылы тұрақты жұмыс тапқан адамдар көп. Бұл туралы «Махамбет ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне хабарласқан болатынбыз.

Махамбет ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы КММ директорының орынбасары Алмас Төлегеннің айтуынша, аудан бойынша 2018 жылы 759 жұмыссыз тұрақты жұмысқа орналасса, оның 191-і «Enbek kz» электронды еңбек биржасы арқылы. Ал осы 2019 жылы тұрақты жұмысқа орналасқан адамның 16-ы «Enbek.kz» порталы арқылы кіріп отыр. Қысқа мерзімді курстарға 2018 жылы 109 адам жіберіліп, оның ішінде 105 жұмыссыз оқуын аяқтап, мамандықтарын алып шықты. 2019 жылға бекітілген жоспарға сай қысқа мерзімді курстар наурыз айында басталады.

Қазіргі таңда «Еnbek kz» электронды еңбек биржасы арқылы тек қана тұрақты жұмыс орындарына сұраныс бере алады. Алдағы уақытта уақытша, тұрақты жұмыс орындарына сұраныс берілетін болады. Қоғамдық жұмыспен өткен жылы аудан бойынша 625 жұмыссыз қамтылды. 2019 жылдың басынан бері 142 адам қоғамдық жұмыспен қамтылды. Соңғы кездері түрлі шетелдік компаниялардан, фирмалардан, кәсіпорындар мен мекемелерден қысқарған азаматтар «Еңбек нарығы» электронды порталы арқылы жұмыс іздеуші ретінде тіркеле алады.

Зейнет жасына жеткен адамдардың да жұмысқа орналасуына мүмкіндік бар. 2018 жылы 9 зейнет жасына жетпеген жұмыссыз адам тұрақты, уақытша жұмыспен қамтылғанын айта кетейін. Өткен жылы жастар практикасымен 50 жас маман қамтылып, оның ішінде 18-і мамандықтарына сай тұрақты жұмысқа орналасты. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына аудандық жұмыспен қамту орталығы да елеулі үлесін қосты деп ойлаймын. Өткен 2018 жылдың қорытындысы бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына 1179 адам хабарласты, 2017 жылдан 445 адам есепте тұр. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 1473 адам қамтылды. Атап айтқанда, тұрақты жұмысқа-759, жастар практикасына-50, әлеуметтік жұмыс орны-39, ақылы қоғамдық жұмысқа-625, қысқа мерзімді курсқа-109(105-і оқыды). «Бастау-бизнес» жобасына 134 адам жіберіліп, бәрі де жобаны аяқтап, 49 адамға 228,9 млн. теңге несие берілді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 2,1 пайызды құрады. Аудандық пробация қызметі бөлімшесінен 2018 жылы 21 адамның тізімі түскен еді. Жұмыспен қамту орталығына 14 сотталған азамат хабарласып, жұмыссыздар есебіне тіркелді. Тіркелгендер ішінен 9-ы тұрақты жұмысқа, 2-і бағдарлама шеңберінде қысқа мерзімді курстарда оқытылып, дәнекерлеуші, арматуршы мамандықтарын алып шықты. Қалған тіркелген үш адаммен осы жылы жұмыс жалғасуда.

А.Текебай.

Өзгерістер енгізілді

ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңына бос жұмыс орындарының(бос лауазымдардың) бар екендігі туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде міндетті халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік интернет ресурсы арқылы жіберуге өзгерістер енгізілді. Осыған байланысты жұмыс берушілер электрондық еңбек биржасында «www. Enbek. kz» электрондық қолтаңба арқылы жеке кабинет ашып, вакансияларды жариялауға тиіс. Бұл жұмыс берушілерге жұмыс іздеушілердің базасына қолжетімді болуына, жұмыспен қамту орталықтарына хабарласпай, тікелей қажетті мамандықтарды таңдауға, ал жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мамандардың қысқартуына байланысты жұмыстан босату басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы толық көлемде заңды тұлғаның таратылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеліп соққан өзгерістер және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты алдағы уақытта жұмыстан босатылуы мүмкін жұмыскерлердің саны мен санаттары туралы ақпаратты босатылатын жұмыскерлердің лауазымдары мен кәсіптерін, мамандықтарын, біліктілігін және еңбегіне ақы төлеу мөлшерін және олар жұмыстан босатылатын мерзімдерді көрсете отырып, берілуі тиіс. Жұмыс беруші берілетін квотаны келесі санаттар бойынша орындауы тиіс: ауыр жұмыстарды еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жұмыс орындары санының 2-ден 4 пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді; пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды; кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру. Аталған заңның нормалары орындалмаған жағдайда әкімшілік шара қолданылады. Ішкі еңбек нарығындағы ваканттық жұмыс орындарымен танысу және электрондық еңбек биржасына www. Enbek. kz электрондық пошта арқылы өз түйіндемесін орналастырып, жұмысқа кіру мүмкіндіктері көзделді. Сауалдар болған жағдайда аудандық жұмыспен қамту орталығына хабарласуға болады? – дейді орталық директорының орынбасары А.Төлеген бізбен әңгімесінде.

А.Қуанышқалиқызы.

Порталға тіркелу маңызды

«Порталға қалай тіркелуге болады?» деген сауалға да тыңғылықты жауап қайтарды. «Жұмыс» ақпараттық порталы ҚР еңбек нарығын реттеуге байланысты аймақтар кесінінде жұмыс күшіне сұраныстар мен ұсыныстар, нормативтік-құқықтық құжаттамалар, ақпараттық талдауды шолу, басқа да материалдар жөнінде ақпараттар жарияланған. Портал бос жұмыс орындар мен жұмыс іздеушілер бойынша ақпараттар жұмыспен қамту органдарынан алынып, ведомстволық деректер қорынан күнделікті жаңартылып тұрады. Жұмыс берушілер, жеке кадрлық агенттіктер үшін бос жұмыс орындар, түйіндемелер бойынша деректерді енгізуге бөлек режимде жүзеге асырылады. Әртүрлі критерий бойынша қызметкерлерді іздеу механизмі қолайлы қамтамасыз етілген. Жұмыс берушілердің қаражат шығынын азайтады, жұмыс, қызметшілер іздеуге мүмкіндік береді. Тіркелген жұмыс беруші порталға кіру үшін өз логинімен құпиясөзді енгізуі жеткілікті. Ал жаңадан кірген жұмыс беруші өз бос жұмыс орны туралы ақпаратты жариялау үшін тіркелу қажет. Жүйеге кіру блогінде тіркелу сілтемесін таңдауы қолданушылардың атынан электронды адрес жолағын толтырып, тіркелу түймесін басып, нұсқаулық көрсетілген электронды адреске жібереді. Жіберілген нұсқаулық бойынша тіркелу қажет. Сұраныс бойынша ақпараттар орналастыру «Мен қосқан бос жұмыс орындары» бөліміне кіріп, кәсіпорындар деректері түймесін ашылған терезеге кәсіпорын ақпараттарды енгізгені дұрыс. Егер бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысу ойы болса, «бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысады» жолағына белгі қояды.

БАҚ, кадрлық агенттіктер кәсіпорын түрлерін веб-қорлары жоқ БАҚ немесе кадрлық агенттіктерге «Жұмыс» АП арқылы өз бос жұмыс орындарын жариялауға мүмкіндік жасалған. Жұмыс берушілер өз жұмыс орнынан шықпай-ақ онлайн режимінде жұмыс іздеушілермен тікелей қатынасуға мүмкіндік жасалған. Сол үшін жедел хат жіберу клиентін таңдау жолағындағы Mail ru агент, Skype, ICQ клиенттеріне байланыс деректерін енгізу керек. Енгізілген деректерді сақтау үшін «Сақтау» түймесін басқан жөн. Бұдан әрі «бос жұмыс орнын қосу» түймесін басып, бос жұмыс орны туралы ақпарат енгізу керек. Бос жұмыс орындарын енгізу саны шектелмеген және тегін. Кез келген уақытта байланыс ақпараттарын, бос жұмыс орындар сипаттамасына өзгерістер енгізуге және жоюға болады. Енгізілген деректерді сақтау үшін «сақтау» түймесін басу керек. «Мен қосқан бос жұмыс орындары» бөліміндегі, «Алған түйіндемелерді көру» сілтемесінде нақты бос жұмыс орындарына үн қатқан, немесе жұмыс берушіге жұмысқа орналасуға мұқтажданған жұмыс іздеушілердің түйіндемелері көрсетілген.

Бүгінде жұмыс істеймін деген адамға жұмыс бар. Жұмыс қай жерден де табылады. Жасыратыны жоқ, кей азаматтар бір-екі жерге жұмыс іздеп барғанда оны алмаса, жұмыс жоқ деп үйінде жатқанды тәуір көреді. Жіберген жерге жалақысы аз деп бармайтындар да кездеспейді. Электронды еңбек биржасы арқылы жұмыс іздеген азаматтар жалақысына да келісіп, жұмыс тапқанына қуанып, сол мезетте қызметіне кірісіп кетеді. Әртүрлі саладан қызмет тапқандар көп. Арасында шетелдік компанияларға кіріп кеткендер де бар. Егер мамандығы болса, арыстай азаматтардың үйінде бос жатқанша, жұмысқа тұрып, отбасын асырағаны дұрыс дер едік.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT