Бұрындары тұрғындар жиындарында жиі қозғалатын жол мәселесі Махамбет ауданында түбегейлі шешілетін түрі бар.
Бұған дейін Жайықтың арғы бетіндегі Атырау-Индер бағытындағы күре жол пайдалануға беріліп, ауылға кірме жолдар да асфальталған болатын. Жайық өзені үстіндегі аспалы көпір де ел игілігіне айналды. Сол игі бастама биыл да жалғасын табуда.Үстіміздегі жылы алдын ала дайындалған сметалық құрылыс жобасына байланысты қазынадан қажетті қаражат бөлініп, аудан орталығы –Махамбет ауылішілік жалпы ұзындығы 10,035 шақырым болатын көшелерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу басталып кетті. Жоспарға сәйкес жаңадан асфальт төселетін 21 көше тізімге алынған. Аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі мамандарынан сұрастырып білгеніміздей, бұдан басқа көшелердегі асфальт жолдармен қапталдас жаяу жүргіншілер жолы да төселетін болады. Құрылыс жұмысына қызу кіріскен мердігер мекеме-«Атырауинжстрой» ЖШС-і мойындарына алған міндеттемелерін белгіленген мерзімде орындауға мүдделілік танытуда.
Н.Тельман