Мерекемен қатар келген қуаныш

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйінде «Отбасы – мейірім шуағы» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Оған аудан әкімінің орынбасары М.Сейтқалиев қатысып, мерекелік құттықтау тілегін білдіріп, марапат иелеріне сый-сияпаттарын табыстады. Олар бір шаңырақ астында 50 жыл ғұмыр кешкен, алтын той иелері Сұлтанов Жылқайдар жұбайы Әбілғалиева Нұрзила, қоғамға қызмет ете жүріп, ұрпақ тәрбиесін назардан тыс қалдырмаған «Үлгілі отбасы» атауымен Есенғалиев Мұсташ жұбайы Орынбасарова Мадина, жұбайлық өмірдің 25 жылдық күміс тойына жеткен Қосжанов Жарас пен жұбайы Батырбекова Күнсұлу, «көпбалалы отбасы» атауымен Ермағамбетов Мұрат пен жұбайы Далбаева Ұлдай, «жас жұбайлар» атауымен Қалабаев Нұржан мен жұбайы Асылжан Хисметовалар аудан әкімінің Алғыс хаты және бағалы сыйлақтармен марапатталды.

Есбол ауылдық округі, «Балақай» бөбекжайының қызметкері көп балалы ана Марал Дауылбаеваға «Күміс алқа» табыс етілді. Алыстан ат терлетіп, гастрольдік сапармен облысымызға келген Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрі ұжымы атаулы мерекеде аудан сахнасында өнер көрсетіп, көрермен қауымның ыстық-ықыласына бөленді. Оркестр дирижері Жалғасбек Бергенбековтің дирижерлығымен бірнеше күйлер күмбірледі. Сондай-ақ, ұжым өнерпаздары әсем әндерден шашу шашты. Халықаралық отбасы мерекесінде аудан сахнасында өнер көрсеткен «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрі ұжымына аудан әкімінің Алғыс хаты мен ескерткіш сыйлықтар табысталды.

Б.Сапарова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT