Жол қозғалысы ережелерін сақтамаған

Жол қозғалысын бұзған азаматқа әкімшілік айыппұл салынды.

Махамбет аудандық сотында азамат Ж-қа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы республикалық маңызы бар Атырау-Орал транзиттік жолмен жүрмей, Атырау-Индер жолының 63 км. Ортақшыл ауылы тұсында «MAN TGX 18460» маркалы жүк автокөлігін облыстық маңыздағы автомобиль жолымен басқарып, Қазақстан аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамай, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.

Сот отырысында Ж. құқық бұзушылық жасаған кінәсі мойындау түсініктемесімен, іс-құжаттарымен дәлелденді.

Сот қаулысымен құқықбұзушы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 43755теңге әкімшілік айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Аудандық соттың баспасөз қызметі

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT