«Нұр-Ару» би тобы тағы жүлдегер

Өнерлі өрге жүзер.

«Ақ көгершін» балалар қорының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласында өткен VI республикалық балалар шығармашылығына арналған «Алтын дән» фестиваль-конкурсына «Нұр-Ару» би ансамблінің қатысып, өз шеберліктерімен танылды. Білім Аруеваның жетекшілігімен ансамбль мүшелері қазақ және қазіргі заманауи билерді шебер орындап, конкурс қорытындысымен Бас жүлдеге ие болды.

bi1721

-Бізге жанашыр болып, ақ жол тілеп, жүлдемен оралуымызды тілеген жандарға алғысымыз шексіз. Ансамбль құрамындағы Асемай Өтеген, Инабат Жаңабай, Гүлзада Құмарғали, Жанэль Әубекерова, Еркежан Төлеш, Гүлсезiм Амангелдi шәкірттерімнің болашағынан күтер үмітім зор. Алдағы уақытта тағы да өнер сайыстарында бақ сынау жоспарымызда бар, - дейді Білім Рысқалиқызы.

nur1721

«Өнер – ағып жатқан бұлақ, ғылым жанып тұрған шырақ» деп халқымыз тегін айтпаған болар. Жарайсыңдар, бишілер құттықтаймыз!

К.САПАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT