Жаңа туған нәрестеге домбыра тарту етті

Ұлттық домбыра күні құтты болсын!

Әр қазақ шаңырағының төрінде ілулі тұратын ұлттық домбырамыздың күмбірлеген үні ұлтымыздың қуаныш мен қайғысын, жеңісі мен жеңілісін, шаттығы мен бақытын сазды әуенімен жеткізіп, бүкіл тарихи оқиғалардың куәсі болып келеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Аналар кеңесі» ұйымының төрайымы Жібек Мұғауова мен облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің ҚХА құрылымдарымен жұмыс бөлімінің Махамбет ауданы бойынша сарапшысы Гүлмира Сембаева жаңа туған нәрестеге ұлы дала мұрасы – домбыраны сыйға тарту етті. Ұлттық домбыра күні қарсаңында аудандық ауруханасының перзентханасында босанған махамбеттік Әсел Қонысбайқызы төртінші перзентін дүниеге әкеліп отыр. Енді ол екі ұлы, екі қыздың анасы. Осыдан үш жыл бұрын Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен шілде айының алғашқы жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» деп белгіленіп, мереке аясында жаңа туған сәбиге домбыра ұсыну дәстүрге айналған.

dom1621-1

- Сізді тәуелсіз еліміздің болашағына ие болатын тағы бір перзентті дүниеге әкелуіңізбен құттықтап, ел демографиясына қосқан үлесіңізі үшін алғыс білдіреміз. Перзенттеріңіздің бойына ұлттық отбасы құндылықтарын қалыптастыруда белсенділік танытады деген сеніммен қазақтың қасиетті қара домбырасын ұсынамыз. Қос ішекті, тоғыз пернелі аспапты үйреніп, сырлы күй шертетін, еліміздің абыройын асқақтатар өнерпаз болсын. Сәбиіңіздің дені сау болып, отбасыңыздың амандығын тілейміз, - деді «Аналар кеңесінің» төрайымы Ж.Шамалиқызы.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521