Жол қауіпсіздігі дрон арқылы бақыланады

Қолайсыз ауа райы жағдайлары жолдағы қозғалысты қиындатып, жол-көлік оқиғаларының қаупін арттыра түседі. Тұман кезінде көлік жүргізушілерге алдағы көліктерге дейінгі арақашықтықты анықтау қиындайды, қарсы және қатарлас бағытта келе жатқан көліктердің жылдамдығы да дұрыс байқалмайды. Осы себепті тұман кезінде басып озуға жол берілмейді.

Сондай-ақ тұманда алысқа жарық түсіретін шамдарды қосуға болмайды, себебі, жарық тұманнан шағылысып, көрінуді нашарлатады. Мұндай жағдайда жақын жарық шамдарын және тұманға қарсы шамдарды пай­далану қажет. Күзгі-қысқы мау­сымда көктайғақтан сақтану қажет. Осы орайда, Атырау облысы полиция департаменті жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері дрон әуе камерасының көмегімен 600-ден астам жол ережелерін бұзу фактісін анықтап, көлік жүргізушілеріне әкімшілік хаттама­лар толтырды.

Тәртіп сақшылары қолайсыз ауа райы кезінде мүмкіндігінше сапарға шықпауға, жолға шыққан жағдайда барлық ережені сақтауға, көлік басқару кезінде телефонмен сөйлеспеуге және қауіпсіздік белдігін тағуға кеңес береді. Бұл қарапайым сақтық шаралары сіздің және өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT