ЖОБА ЖЕҢІМПАЗЫ

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстанның Азаматтық альянсы, үкіметтік емес ұйымдар, сарапшылар қауымдастығы мен бизнес өкілдерінің қатысуымен жуырда өңірімізде «Азаматтық секторды цифрландыру: ҮЕҰ үшін трендтер мен мүмкіндіктер» тақырыбында Атырау облысының XII Азаматтық форумы өтті.Оған Махамбет ауданынан да бірқатар үкіметтік емес ұйымдар қатысып, мамандармен тәжірибе алмасып қайтты.

 Цифрлық трансформация жағдайындағы азаматтық қоғамның рөлін талқылауға арналған форумға облыс әкімі Серік Шәпкенов те арнайы қатысты. Талқылау алаңында ҮЕҰ өкілдеріне арналған бірқатар оқу семинарлары өтіп, «Digital-State» тұжырымдамасы шеңберіндегі цифрлық құралдарды пайдалану, онлайн-донорлықтан смарт-фандрайзингке көшу, жасанды интеллект дәуіріндегі мүмкіндіктер мен қауіптер, сондай-ақ киберқауіпсіздік пен деректерді қорғау мәселелері де қарастырылды. Сонымен қатар форум аясында өңірлік ҮЕҰ-ның әлеуметтік жобалар және «Әлеуметтік бастамалар генераторының» көрмесі ұйымдастырылды. ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова елімізде жаңартылған құрамдағы 263 Қоғамдық кеңес жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар цифрлық инфрақұрылымды дамыту бұл кеңестердің әлеуетін одан әрі арттыра түсетінін жеткізді. 

Форум барысында Атырау облысындағы үкіметтік емес ұйымдарды қолдау шаралары да талқыланып, жуырда ғана қорытындысы жарияланған байқаулардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Атап айтқанда, облыстық азаматтық орталықтың ұйымдастыруымен өткен «DEMEY» волонтерлық бағыты бойынша алты үздік жоба іріктеліп, 1 миллион теңге көлеміндегі қайтарымсыз грантты иеленсе, «Qoldau» конкурсының жеңімпаздары, яғни белгілі бір әлеуметтік мәселені шешуге бағытталған ҮЕҰ-дың қорғаған жобалары арасынан алты ұйым үздік деп танылып, 2 миллион теңге көлемінде қаржылай қолдауға ие болды. Атал¬мыш сертификаттарды аймақ бас¬шысы С.Шәпкенов форумның екінші күні табыс етіп, жеңімпаздардың қоғам үшін үлес қосып жүрген игі істеріне алғыс білдірді. Осы аталған байқаудың жеңімпаздары қатарында «Qoldau» бойынша үздік жоба ұсынған махамбеттік «Ер Жүректілер» спорт клубының негізін қалаушы Мұқадия Қуангерейұлы мен Гүлден Төлепбергенқызы да бар. 

«Сегіз жылдан астам уақыт әлеумет- тік салада, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен айна¬лысып, жетістікке жетуіне үлес қосып келе жатқан біздің «Ер Жүректілер» клубы үшін бұл үлкен қолдау болып отыр. Жобамыздың негізгі мақсаты да осы спорт клубының қажетті құрал-жабдықтарын жаңарту бағытында еді. Сегіз жыл бойы үздіксіз жұмыс жасап келе жатқан жабдықтарымыз әбден тозып, ескірді. Соны заманның талабына сай жаңартып алуға үлкен мүмкіндік беріліп отыр. Осы конкур¬сты ұйымдастырушылар мен бізге сенім білдіргендерге алғыс айтамыз. Қоғамда біздің қолдауымызды қажет ететін қаншама мұқтаж адам бол¬са, соларға қолұшын соза алатын үкіметтік емес ұйымдар, еріктілер де мемлекеттің қолдауын күтетіні сөзсіз. Сондықтан мұндай байқаулар жиі ұйымдастырылса» дейді грант иегері Гүлден Утебалиева. Сонымен қатар форум аясында «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ директоры Бану Нұрғазиеваның арнайы Алғыс хаты да Мұхадия Қуангерейұлына табысталды. Қоғамдық жұмыста қатар жүрген ерлі-зайыптылардың бұл да ортақ жетістігі деуге болады. 


А.САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT