Жұмысшы мамандықтар жылында «Жыл кәсіпкері – 2025» үздіктері марапатталды

Ел экономикасының өзегі саналатын шағын және орта кәсіпкерлік иелерін ыңталандыру мақсатында жыл сайын өткізілетін «Жыл кәсіпкері – 2025» шарасы биыл да жалғасын тапты.

«Берекет» мейрамханасында өткен салтанатты шараның ашылуында сөз алған аудан әкімі Қ.Нұрлыбаев жиналғандарды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, Жұмысшы мамандықтар жылына орай ауданымызда жеке кәсіпкерлік саласында еңбек етіп жатқан 18 қызметкерге Алғыс хат тапсырды. 

Ауданның кәсіпкерлік саласына үлес қосып жүрген азаматтар өңірдің әлеуметтік- экономикалық әлеуетін арттыруда маңызды рөл атқарады. Осы орайда аудан кәсіпкерлері Атырау облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының Алғыс хатымен марапатталды. Атап айтсақ, «Нұр Адай» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Нұрбол Қожабаев, «Иманалин» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Артур Иманалин, «Асылым» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Салтанат Ғинаятқызы ие болды. Ал «Даяна» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Руслан Есенғалиевке, «Нұр-Ясин» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Жантөре Латиповке, «Сәнім» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Тойған Жұмашеваға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының алғыс хаты табысталды. 

Шараға арнайы шақырылған қонақтардың бірі Атырау облысы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының өкілі Эльза Қалиева өз сөзінде соңғы жылдары кәсіпкерлік саласында әйелдердің үлесі артып келе жатқанын айтып, ауданның жеке кәсіпкерліктерінде қызмет атқарып келе жатқан әйелдер қауымының еңбегін елеусіз қалдырмай, А.Мергенқызы, А.Нугманова, А.Бисенғалиева, Г.Қарымсақова, К.Каирова, Б.Калиева, А.Кенжебаеваларға Алғыс хат тапсырды. 

Шарада аудан кәсіпкерлері 9 номинация бойынша марапатқа ие болды. Атап айтсақ: 

«Үздік жас кәсіпкер» номинациясының иегері – Ердаулетова Арайлым Амангелдіқызы; 

«Үздік кәсіпкер-әйел» номинациясының иегері – Құлданаева Райса; 

«Үздік отбасылық бизнес» номинациясының иегері – Қалиева Гүлзада Башенбайқызы; 

«Қызмет саласының үздігі» номинациясының жеңімпазы – Халелов Қанат Төлепұлы; 

«Сауда саласының үздігі» номинациясының жеңімпазы – Изгалиева Ардақ Әділбекқызы; 

«Үздік әлеуметтік кәсіпкер» номинациясының иегері – Самешова Назерке Бауыржанқызы; 

«Үздік өндіруші» номинациясының жеңімпазы – Қарабалина Айгүл; 

«Үздік жұмыс беруші» номинациясының жеңімпазы–Есениязова Асель; 

«Жыл кәсіпкері-2025» номинациясының жеңімпазы болып ауданға белгілі кәсіпкер Түсекенова Роза Лотқызы танылды. 


Б.САПАРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT