Елімізде жарияланған «Жұмысшы мамандықтар жылын» қорытындылау мақсатында «Атамұра» мейрамханасында кездесу өтіп, тазалық жұмыстарын жүргізетін мекеме қызметкерлеріне ерекше құрмет көрсетілді.
Аудан әкімі Қ.Нұрлыбаев жиналғандарды мерекемен құттықтап, адал еңбек пен кәсіптік шеберліктің қоғам өміріндегі маңызы зор екенін атап өтті. Ол ел игілігі жолында тынымсыз еңбек етіп жүрген бір топ тазалық саласының жұмысшыларына, жеке кәсіпкерлерге өз ризалығын білдіріп, сый-сияпаттарын ұсынды.
Атап айтсақ, Саламат Серікқалиұлы, Саламат Серікұлы, Асылбек Талғатұлы, Азамат Жақсылықов, Светлана Даулетиярова, Серікболсын Жұбанғалиұлы, Нұрғайша Серікқалиқызы, Гүлжан Әнесқызы, Ақайша Жанасова, Роза Түсіпқалиқызы, Алтынай Ильясқызы, Нұрсұлу Бектұрғанқызы, Ұлжан Рахметқызы, Даурен Қарабайұлы, Бауыржан Мөкесұлы, Михаил Викторович, Саламат Қазиұлы, Бауыржан Моташұлы, Ләззат Майданқызы, Күләш Ысқаққызы, Айзада Қалиоллақызы аудан әкімінің Алғыс хатына ие болды.
Махамбет ауылдық округі бойынша тазалыққа жауапты кәсіпкер Айзада Есенбаева келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, қызметкерлерін марапаттады. Сонымен қатар шара қонақтарын аудан әкімінің орынбасары Асхат Аймұратов, аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Асылхан Шакимов, Махамбет ауылдық округі әкімі Нұрлан Сапаров құттықтап, ақ тілектерін жолдады. Аудан өнерпазы Қайрат Жұмашев әсем әннен шашу шашып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА


