Жиырма тәулікке қамалды

Жиырма тәулікке қамалды

Көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра алкогольдік масаң күйде басқарған.

Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі бойынша азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра алкогольдік масаң күйде басқарған.

Сот отырысында «WhatsApp»-желісі арқылы байланысқа шыққан С. өз түсінігінде әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтып көрсетті.

Сот қаулысымен әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Аудандық соттың баспасөз қызметі

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521