Махамбеттік азаматтар құрбан шалып, 36 отбасына ет таратты

Махамбет аудандық мешітінде 36 отбасына ет таратылды

Аудан азаматтарының бастамасымен түйе малы құрбандыққа шалынды.

Оны Махамбет, Жалғансай, Ақтоғай, Сарытоғай ауылының азаматтары ұйымдастырды. Құрбан малының еті әлеуметтік жағдайы төмен, материалдық қолдауды қажет ететін 36 отбасына үлестірілді. Сонымен қатар етпен қоса азық-түлік пакеттері де карантин талаптарын сақтай отырып мұқтаж отбасыларына жеткізілді.

Құрбандық шаларда аудандық мешіттің бас имамы Ержан Иманғалиев шақырылып, құран бағышталды.

-Қайырымдылық іс -шарасы ауыл азаматтарының ұйымшылдығымен ұйымдастырылып жатыр. Еліміздің амандығы, тыныштығы және осы жұқпалы індеттен халқымыз аман-есен құтылу үшін дұға жасалды. Барша мұсылманның шалған құрбандығын, жасаған қайырымдылығын Алла Тағала қабыл етсін! Өзінің шексіз мейірімімен сансыз мол сауаптардан жазсын, - дейді Махамбет ауданының бас имамы Ержан Иманғалиев.

"Жайық-Ақпарат"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT